Достық үйі

ДОСТЫҚ ҮЙІ

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі 20 этномәдени бірлестіктер үшін мәдени және әдістемелік орталық болып табылады. Мұнда  этномәдени бірлестіктердің ұлттық мерекелері, қайырымдылық, қоғамдық-көпшілік іс-шаралары өткізіледі.

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі 2014 жылы 1 қазанда құрылды. «Қоғамдық келісім» мекемесі төрт бөлімнен тұрады: талдау және мониторинг бөлімі, ғылыми-сараптамалық бөлімі, қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және медиация кабинеті бар.       

«Қоғамдық келісім» КММ-сі құрылған күнінен бастап көптеген іс-шаралар ұйымдастырды, олар: этномәдени бірлестіктердің іс-шаралары, ҚХА-нің ғылыми-сараптамалық тобының, Қоғамдық келісім кеңесітерінің,  журналистер клубының,  "Алтын шаңырақ" аналар кеңесінің, ҚХА-ның жастар қанатының және медиация кабинетінің іс- шаралары.

 Мекеме жұмысының маңызды бағыттарының бірі Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту болып табылады. Медиация кабинетінің мақсаты: әлуметтік өзекті мәселелерді шешіп, қоғамдағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтап, сотқа дейінгі дау-жанжалдардың алдын алу және болдырмау.             

 Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы  Досқалиева Жаннат Закиқызы.