You are here

«Жастар қанатының" автошеруі

23.06.2015, 17:32   2561

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылы 20 маусымда Ассамблея жылымен қатар аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Атырау облысындағы Әскери-техникалық мектептің директоры М.Рахмановпен бірге ұйымдастырған авто шеру өткізілді. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің «Жастар қанаты» да қатысты. Автошеру Атырау облысы Махамбет ауданынындағы Сарайшық деп аталатын киелі жерде өткізілді. Іс-шараға Маңғыстаудың әскери тобы да қатысып Әскери-техникалық мектептің басшысының орынбасары Сейтжан Дюсекенов сөз сөйлеп, сарбаздарға  арналып экскурсия жасалды. Авто шеруі өту барысында қатысушылар  мұражай орындарымен танысып, хандық еткен батырлар тұрған жерлерде болды, сонымен бірге олардың жерленген жерлері де көрсетілді. Әскери-техникалық мектептің сарбаздары, этномәдени бірлестіктер, «Жастар қанаты» Сарайшық елді мекеніне саяхат барысында мұражай ескерткіштерімен, олардың тарихымен танысып, өздеріне толық ақпарат алып, алғыстарын білдірді.

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15