You are here

Жақсылық сыйла!

23.08.2017, 17:42   393

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 22 тамыз  күні  «Ақ орамал» акциясы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының  жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастырылуымен және Жастар қанаты  мүшелерінің қатысуымен облыстық Қарттар үйінде «Жақсылық сыйла!», «Дари добро!»  атты кездесу  шарасы өткізілді.  Шара  барысында Атырау облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы – Т.Аман-Турлина қазыналы қарттар үйінде қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттарымыз саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына деп құттықтау сөзімен жиынды ашып берді.

Сондай-ақ, қарттар үйінің тұрғыны Славова Людмила Петровна әжеміз осындай құрмет көрсетіп, біздерді қамқорлап келіп жатқан баршаңызға рахметім шексіз. Тағдырдың тауқіметіне орай қараусыз қалып жатқан менің замандастарым осы жерден еш жамандық көріп жатқан жоқ, бәріңізге Алла разы болып,  жарқыраған бейбіт күн мен ашық аспан астында көк туымыз желбірей берсін деп ақ баталық лебізін білдірді.

Атаулы шарада  Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар қанатының  төрағасы А.Котов: қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. Біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлау, қадірлеу біздің міндетіміз деп өз сөзінде тиек етті.

Шара соңында «Светоч» славян,  «Иверия» грузин, «Татулык» татар-башқұрт, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестіктерінің  төрағалары  қарттар үйіне өздерінің қолдарынан жасалған ұлттық  тәтті тағамдарын тарту етіп, қарттар үйіндегі жүз адамға сыйлықтар табыстады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі.

Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні  мен мәні бар дегендей бүгінгі шарада этномәдени бірлестіктерінің мүшелері ән – билерін ортаға салып, қарттарымызды  мерейлендіріп,  естелік суреттерге  түсті.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15