Универсиаданың Алау эстафетасы Атырауда

Версия для печатиPDF versionEPUB version

27 қантар күні  Атырау қаласында 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың Алауы салтанатты түрде Атырау мұнай және газ университетінен бастау алды.

Егеменді еліміздің тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған алау эстафетасының өңірлік шарасына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысып, аймақ тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

«Әлемдік спорт сахнасында санаулы күндерден кейін XXVIII қысқы Универсиаданың алауы жанады. Спорт пен дене шынықтыруды, салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл доданың Қазақстанда өтуі – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының бір жемісі. Ең бастысы, Универсиада өткізу бәрімізге қуаныш сыйлап, елімізде және біздің облысымызда спорттың дамуын ықпалын тигізеді», - деді ол өз сөзінде.

Универсиада алауын алып жүру мәртебесі түрлі халықаралық конкурстар мен жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген 60 белсенді спортшылар мен студенттерге бұйырды.  Олардың ішінде, жерлесіміз, 2016 жылғы Олимпиаданың ауыр атлетика бойынша жеңімпазы Ниджат Рахимов, сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА  жастар қанатының белсенділері: татар-башқұрт этномәдени бірлестігінен - Валиев В.; орыс этномәдени бірлестігінен–Котов А.; кәріс этномәдени бірлестігінен- Ли Вероника; болгар этномәдени бірлестігінен- Ю.Кустадинчев.

Олар Универсиада алауын Амандосов, Баймұханов, Махамбет, Абай, және Сәтбаев көшелерімен алып өтті.

Іс-шараның қорытындысы беделді оқу орындардың бірі Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аяқталды.  Эстафета алауын осы университетінің ректоры Абзал Талтенов қабылдап, аймақ басшысына табыстады. Нұрлан Ноғаев алауды жерлес боксшы қызымыз, әлем чемпионатының қола жүлдегері, еліміздің бес дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Назым Ищановаға Алматыға жеткізу үшін табыстады. Алау «Атырау – Алматы» бағытындағы ұшақпен оңтүстік астанаға аттанды. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.