You are here

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған балалар мерекесі

20.12.2016, 18:40   516

Версия для печатиPDF versionEPUB version

13 желтоқсан күні Достық үйінде Атырау қаласындағы №22 «Еркетай» балабақшасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар мерекесін өткізді.     

Іс-шара барысында   «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің бүлдіршіндерінен құралған би ұжымдары өз шығармашылықтарын ортаға салды. Концерттік бағдарламада бүлдіршіндер қазақ халқы мен өзге этностардың  ұлттық билерін көрермен назарына ұсынды.

Мерекелік іс-шараға қатысқан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі – Гүлмира Шәкірова, «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Раиса Биткова  және «Еркетай» балабақшаның директоры Айжан Сарсембаева барлық жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Концерт бүлдіршіндер хорының орындауындағы «Мен қазақ», «Егемен Қазақстан» әндерімен  аяқталды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар балаларды сыйлықтармен құттықтады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15