«ТХОНЬИЛЬ» ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

29 қантар күні Атырау облысының «Тхоньиль» кәріс этномәдени бірлестігі Сольналь, ай күнтізбесі бойынша –Жаңы жыл мерекесін атап өтті.

Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы мен қызметкерлері,   облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері және кәріс этномәдени бірлестіктің Ақсақалдар кеңесі қатысты.

Сольналь кәрістер үшін ұлттық, отбасылық мереке болып табылады. Бұл күнде жақсы көңіл-күйде болу жыл бойына жақсылықтардың көп болуына себепші болады, сондықтан да кәріс халқы бұл күнді кең ауқымда тойлайды. Кәрістер мерекені табиғаттың жаңаруымен, көктемнің келуімен байланыстырады. Оның көне заманнан қалыптасқан көптеген салт-дәстүрлері де бар. Мәселен, балалардың ата-аналарын мерекемен құттықтау салты «себэ» деп аталады. Кәріс халқының  дәстүрі бойынша, жастар әке-шешелеріне үш рет тағзым етіп, баталарын  алады.

«Біз жылдағы әдетімізден жаңылмай биыл да өзіміздің жаңа жыл мерекемізді атап өту үшін жиналдық. Бұл мереке біз үшін өте қымбат. Себебі, бұл күні біздің кішілеріміз үлкендерге өздерінің құрметін көрсетіп, оларға барынша қамқорлық жасайды. Бүгін де біз өзіміздің этномәдени бірлестігіміздің үлкен ата-әжелерін шақырып, оларға құрмет көрсетіп жатырмыз. Сонымен қатар, бұл күні біз ата-бабалар әруағын еске аламыз»,- дейді «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Валентина Ли.

 «Бүгінгі мереке қызықты мереке болып отыр, кәріс халқының  ұлттық салт-дәстүрімен тереңірек таныстық. Мен бұл мерекені достықтың, татулықтың мерекесі деп айтар едім»,- деді құттықтау сөзінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина.

Сондай-ақ, мереке қонақтары «Саранг» хоры, «Со Куан» би ұжымы, «Әлия» еврей этномәдени бірлестігі, «Былина» орыс  этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары, «Самульнори» барабаншылар ансамблі және т.б. өнерпаздар қатысқан концертті тамашалады.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.