«Рухани жаңғыру – ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 7 қарашасы күні  Достық үйінде  Атырау облысы Қазақстан халқы  Ассамблеясының  Ғылыми-сараптама  тобының  ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру – ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі» тақырыбында  ғылыми –тәжірибелік конференциясы  өткізілді.

Күн  тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы өзекті мәселелер сөз болды.

Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.   Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі.  

Екіншіден, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласын  қолдау және қоғамдық сананы жаңғыртудағы алты бағыты бойынша мәселелері талқыланды.

Аталған  іс-шараға  этномәдени бірлестіктер  басшылары мен мүшелері және Атырауға белгілі азаматтардың баяндамалары  тыңдалды.

Ғылыми тәжірибелік конференцияға: Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері,  этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау инженерлік гуманитарлық институты, Атырау мұнай және газ университеті, Атырау бизнес және құқық колледжі, Қ. Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі, Атырау көлік және коммуникация колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі, Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы, Атырау музыка колледжінің мұғалімдері және студенттері,  БАҚ өкілдері қатысты.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының алты бағыты бойынша, яғни, бәсекеге  қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы қағидаттары атты тақырыптардың қай-қайсысында  да сананы рухани жаңғыртуға  бәсекеге  қабілетті, білімді елдің  шамасы жететіндей  ой-пікірлер қалыптасқан.  Осы аталған мақалалардың  ішінен нақты іске асыру үшін  «Қазақ тілін біртіндеп  латын әлипбиіне көшіру» жобасы; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы;  «Туған жер» бағдарламасы  жобасы; «Қазақстанның рухани құндылықтары» немесе  «Қазақстанның киелі  жерлерінің географиясы»  жобасы; «Жаһандағы замануи  қазақстандық мәдениет» жобасы;  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ұсынылды.

Аталған  жобалар жалпы халықтың, оның ішінде жастардың бойындағы отан сүйгіштік қасиетті  дамытуға игі ықпалын тигізетіні  анық. Елін, жерін сүйетін адам ғана  Отан үшін аянбай еңбек етіп, бар қабілеті мен  күш-жігерін,  білімі мен біліктілігін жұмсайтын болады.

Елбасының бағдарламалық мақаласы әрбір азаматтың  туған  жерінің  гүлденуі үшін  нақты үлес қосуға үндейді.

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 8 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.