You are here

«Отбасылық медиация»

14.07.2017, 17:23   96

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылы 13 шілде күні Атырау қаласындағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Атырау облысы  әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім»  КММ-ң ұйымдастыруымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Отбасылық медиация» атты кеңейтілген семинары өтті. Семинарға Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы  «Қоғамдық келісім» РММ-ң Медиация және халықаралық ынтымақтастығының сектор меңгерушісі  Үсіпбекова  Жанар Жолдасбайқызы қатысты.

Атаулы семинарға ҚХА аналар кеңесінің төрайымдары, этномәдени бірлестіктер басшылары мен мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, барлық деңгейдегі Аналар кеңесінің мүшелері (қалалық, аудандық, селолық, кенттік округтар және этномәдени бірлестіктер), облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері (қалалық және аудандық), жастар қанаты,  облыс әкімі  жанындағы  әйелдер істері  және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, аудандар бойынша  «Қоғамдық келісім» мекемесінің сарапшылары, облыстық жұмыспен қамту басқармасы, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және кәсіби және кәсіби емес  медиаторлар, қала және аудандық судьялар, БАҚ өкілдері  қатысты.

Жалпы алғанда 100-ден астам адам қамтылды.

Отырыс жұмысын жазып, көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері) және облыстық телеарна шақырылды.

Семинардың  басты  мақсаты:  Отбасылық медиация туралы кеңінен  қатысушыларға ақпарат берілді, отбасында туындайтын дауларды шешу және алдын алу; отбасыларға  жан-жақты  көмек көрсету; психологиялық және заңды кеңес беру; некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету; болашақ келіншектер мен енелерге арналған тренингтер және отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мәселелер бойынша медиация және келіссөздер процесі орталығына жүгінуге болатындығын түсіндірді.

Семинар барысында: Махамбет аудандық аналар кеңесінің  төрайымы Ж.Ш.Мұғауова;  «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.А.Биткова; облыс әкімі  жанындағы  әйелдер істері  және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі М.Ғабдісәлімқызы; облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі А.Қ.Умарова сөз сөйледі.

Бірқатар мәселелерді талқылауға Аналар кеңесінің, Жастар қанатының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және облыстық медиация орталығының басшылары белсене қатысты.

Сондай-ақ, медиация жұмысын жандандыру үшін бірқатар ұсыныстар дайындалды.  Атап айтқанда, медиацияны тек қана облыс орталығында емес ауылдық елді мекендерде дамыту қажеттілігі атап көрсетілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15