Отбасылық медиация

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процессі Орталығымен бірлесе 2017 жылдың 18 қаңтар күні Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында ақпараттық семинар өткізді.

Семинарға облыстық және қалалық соттың судьялары, облыстық ІІД–ң өкілдері, аудандық  Қоғамдық келісім және Аналар кеңестерінің басшылары мен мүшелері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар  қатысты.

Ақпараттық  семинардың мақсаты- отбасылық медиацияның негізгі қағидалары мен бағыттарын және Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесін толық және жан-жақты сипаттау.

Іс-шараның модераторы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина болды. «Медиация - бұл Қазақстан халқы Ассамблея айналысатын ең маңызды істердің бірі.  Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты -  қоғамдық келісімді нығайту, достық пен толеранттылық идеяларын насихаттау болып табылса, медиация дегеніміз, ол қоғамдағы кейбір өзекті мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу. Осы орайда, біз қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеу жолында жоғары нәтижеге жетуіміз керек. Медиация уақытты үнемдейді, ақша, дауға қатысушылардың эмоциялық күшін және дауда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға немесе қалайда жеңуге, ұтуға емес, сындарлы шешімдерді іздеуге бағытталған»,- деді ол өз сөзінде.

Семинар барысыныда Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталағының директоры А.Куртаева «Отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесі» тақырыбында, «Медиация дамыту Орталағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Г. Марданова «Отбасылық жанжалдарда медиацияны қолдану» тақырыбында, «Халықаралық құқық қорқау Орталығы» қоғамдық бірлестігінің Атырау бойынша өкілдігінің директоры Р.Калиева «Медиация бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында баяндамалар жасады.   

Семинар барысында теориялық аспектілермен қатар медиаторлардың тәжірибелерінде кездесетін мысалдар қаралды. Сонымен қатар, іс-шара барысында тренинг ұйымдастырылып, арнайы дайындалған бейнероликтер тамашаланды. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.