You are here

Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы

18.09.2017, 17:55   488

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 15 қыркүйекте Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы Бірыңғай республикалық күні өтті.

Іс-шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Г.М. Шәкірова жүргізді.

Жиынға Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалар мен мүшелері, Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен мүшелері, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері,  «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты, ҚХА кафедра мүшелері, мұғалімдер, студенттер мен БАҚ қатысты.

Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға  бағытталған  «Қазақ тілін біртіндеп Латын әліпбиіне көшіру» мәселесін талқылау.

Іс- шара барысындағы  баяндамашыларөз пікірлерін ортаға салды.

- Атырау мұнай және газ  университетінің  профессоры, философия ғылымдарының , ҚХА ғылыми сарапшылық тобының мүшесі  Өтелбаев К.Т., тақырыбы:  «Латинцы проблемы и перспективы»;

- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық және шет тілдер факультетінің деканы, тарих ғылымдарының қандидаты, ҚХА ғылыми  сарапшылық тобының мүшесі Г.Қ.Қайырғалиева, тақырыбы:   «Латын  графикасы негізіндегі қазақ  әлипбиінің тарихи негіздері»;

- Н.Тілендиев атындағы  Атырау облыстық «Кіші өнер академиясының» директоры, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Таскарина Д.С.: «Әліпби реформасы-уақыт талабы.

Сондай-ақ, Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының Атырау облыстық  филиалының төрағасы Ө. Әлімгереев өз сөзінде:- «Латын графикасына көшу мәселесін эмоцияға берілмей, тереңірек ойланатын болсақ,  ол тек қана тілдің қолайлығы мен функционалдылағына байланысты. Мұнда ешқандай саясаттың, тіпті геосаясаттың иісі де жоқ» деп өз пікірін ортаға салды.

 

 

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15