You are here

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар

05.06.2017, 14:47   547

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 2 маусым  күні  Атырау  көлік және коммуникация колледжінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»  тақырыбында мерекелік мәдени іс-шара және  Достық үйінің концерт залында  «Желбіре көк байрағым, көпке айғағым»  атты патриоттық әндер кеші өтті.      

Колледж қабырғасында өткен іс-шараға Атырау облысы әкімі  аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің  қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің  басшылары мен өкілдері, колледж мұғалімдері мен студенттері қатысты.

Іс-шара барысында Атырау  көлік және коммуникация колледжі  облыста тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне,  студенттердің өз қолдарынан шыққан қазақ халқының тұрмыстық жағдайда қолданылатын құрал-саймандар көрмесіне  саяхат  жүргізді.

Бұл іс-шараның басты  мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасы түрлі қуғын-сүргінге ұшырап және басқа да саяси жағдайлар себебімен  елімізге  сырттан  келген басқа ұлт өкілдерін қамқорлыққа алғанын ұғындыру, жастарды қазақстандық патриотизмге, елін-жерін  сүюге  баулу және  халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қоса елімізді мекендеген басқа ұлт өкілдерінің  мәдениетін танып, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Мемлекеттік рәміздеріміздің шығу тарихы мен оны құрмет тұтуды кеңінен жастарға насихаттау.

Атырау облысы әкімі  аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері,  әскери бөлімдерде  борышын өтеп жүрген сарбаздар, қала тұрғындары және студенттер арасында  патриоттық әндер кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты тәуелсіз Қазақстанымыздың  көк туының астындағы бақытты да бейбіт күндерімізді ұлықтау болып табылады.

Этномәдени бірлестіктер өкілдері әр ұлттың тілінде патриоттық әндер шырқап, көрермен назарына тамаша туындылар ұсынылды. Атап айтқанда: «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, Орыс, славян, қазактар этномәдени бірлестігі, «Таврос» армян этномәдени бірлестігі, «Былина» этномәдени бірлестігі, «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі, «Тхоньил» этномәдени бірлестіктері іс-шараға белсене қатысты.

Ән мерекесінде Атырау облысы әкімі  аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Тамара Өтегенқызы жоғары деңгейде ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға  оң бағасын беріп, қатысқан ұлт өкілдерін және әскери бөлімдердегі сарбаздарды Алғыс хатпен марапаттады. Іс-шара соңында  этномәдени бірлестіктер басшылары келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, жастарды Отанымыздың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге шақырды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15