You are here

Қызылқоға ауданында «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

29.11.2017, 16:22   162

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 27  қараша  күні  Қызылқоға  ауданының «Арман» мәдениет үйінде  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің «Берік отбасы-мемлекет тірегі» тақырыбында  кеңейтілген мәжілісі өтті.

Кеңейтілген мәжілісте «Қызылқоға- ұлттық құндылықтардың ұясы»  тақырыбында  көрме  ұйымдастырылып, ауданның қол шеберлерінің жасаған бұйымдары тамашаланды.

Модератор: Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.

Аталған жиынға Облыстық, аудандық, ауылдық округтердегі Аналар кеңесінің  мүшелері,  облыстық этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, Атырау  облыстық адвокаттар алқасының  төрайымы, аудан тұрғындары  және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Баженов Арман Сырымұлы құттықтау сөзімен ашып берді.   

Жиын барысында:  «Берік отбасы –мемлекет тірегі» тақырыбында  Омарова Айсұлу Қайырқызы   Атырау  облыстық адвокаттар алқасының  төрайымы;  «Мықты  отбасы қуатты  мемлекет кепілі» тақырыбында Айнұр Сайлауқызы Сырғабаева Қызылқоға аудандық сотының судьясы; «Некедегі ажырасуды болдырмау шаралары» тақырыбында  Ахатова Айгүл Ғарифоллақызы  «Облыстық Әділет департаментінің  азаматтық хал актілерін  тіркеу және апостельдендіру»  бөлімінің басшысы;  

«Отбасылық медиация» тақырыбында   Мұғауова Жібек Шамалиқызы  Махамбет ауданы аналар кеңесінің төрайымының баяндамалалары тыңдалды.

Жиынның соңында ауданның жеке кәсіпкерлері аз қамтылған отбасыларыға қайырымдылық сыйлық ақысын табыстады.

Мәжіліске арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған  кәсіпкерлерге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Г.Шәкірованың және аудан әкімі А.Баженовтың атынан Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мәжілістің   салтанатты  бөлімі   Қызылқоға ауданының халық театрының «Баламен қауышу»   тақырыбындағы  көрінісі  өткізілді.

Сондай-ақ шара соңында  Қызылқоға ауданының  мұражайында «Тәуелсіздікпен көркейген Қызылқоға» тақырыбында саяхат ұйымдастырылды.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15