You are here

«Қуатты өңір - қуатты Қазақстан»

20.12.2016, 12:14   619

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 14 желтоқсан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында  өткен облыстық «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» мега-жобасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде қорытындыланды.

Айға жуық уақыт бойы Құрманғазы ауданынан  Жылой ауданына дейін Атыраудың «жеті қазынасы» – жеті өңірді басып өткен эстафетасын алған Серік Шәпкенов пен аудан әкімдері бастаған топты Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұжымы және облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері «Жайық» спорт кешенінің фойесінде салтанатты түрде қарсы алды. Іс-шара барысында қала басшысы сахнаға көтеріліп, эстафета белгісін облыс әкіміне табыс етті. Өз кезегінде облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев оны салтанатты түрде тұғырға орнатып, атыраулықтарды мерекемен құттықтады.

- 16 желтоқсан республика тарихында ерекше орын алатын және барша Қазақ елі үшін ең қасиетті күн. Мемлекетіміз төрткүл дүние алдында өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды. «Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес» демекші, өткенге салауат айтып, келешекке берік байлам жасау үшін ұлттық мерекені тойлап отырмыз. Тәуелсіздіктің тарихы тереңде, ол оңайлықпен келген жоқ. Қазақ шежіресінде миллиондардың қаны мен маңдай тері жатыр. Бұл жолда халқымыз дінінен де айырылып, өз жерінде ашаршылыққа да ұшырады.  Міне, Тәуелсіздік табалдырығындағы Қазақстан қандай еді? Қазір мүлде басқаша. 

Саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар қазақ қоғамын танымастай етіп өзгертті. Олар қазір әлемге үлгі болуда. Орта Азияның көшбасшы мемлекетіне айналдық. Көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болдық. Осы жетістіктің бәрін де біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен байланыстырамыз. Оның стратегиялық бағыты айқын, ішкі және сыртқы саясаты өркендеу мен дамуға бастайды – деді облыс басшысы.

Іс-шара барысында әр ауданнан келген өнерпаздар жырдан шашу шашып, әсем әнге салды, күй күмбірлетіп, мың бұрала биледі. Мега-жоба аясында өткен өнер мерекесінің қызықты сәттері арнайы LED-экраннан көрсетілді. Атап айтқанда, «Қазына» би ансамблі хореографиялық театрландырылған көрініс қойды. Ал, Жылыой ауданынан келген «Жем аруы» халықтық би және «Ақжелең» фольклорлық ансамбльдері «Мереке», «Қызыл қайың», «Серпер» туындыларын ұсынды. Исатай аудандық өнер мектебінің 25 домбырашысы «Шашу» би тобымен қосылып «Тепен көк» күйін орындады. Мақат ауданының «Шаттық» би ансамблі «Шашу» композициясын тарту етті. Құрманғазы ауданынан келген өнерпаздар «Батырлар ұранын», халықаралық байқаулар жеңімпазы Сәлім Балғазин «Родина моя» әндерін тамылжыта шырқады.

Сол сияқты, «Аэлита», «Камелия» «Меруерт», «Жұлдыз», «Жайық қызы» би ұжымдары өздерінің туындыларын паш етті. Ал, халықаралық байқаулар жеңімпазы Венера Сағи мен Сәлім Балғазин «Экспо-2017» әнін орындағанда, жас орындаушылар сахна төріне «Экспо-2017» символын алып шықты. Салтанатты мереке Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен жабылды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15