Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысының Жылыой ауданында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірованың қатысуымен  Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өткізілді. Кеңеске Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің  талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Н.Губашев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің және Аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімі аппараты жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары қатысты.

      Аудандық  Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров «Жылыой ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмысы туралы» баяндама жасап, атқарылған шаруалар туралы жан-жақты айтып өтті.

      Іс-шара барысында Г.М.Шәкірова 2017 жылы атқарылатын жұмыстар туралы және де Қоғамдық келісім кеңестерінің рөлін көтеру, олардың жұмысын әрі қарай дамыту бағыты туралы ой қозғап,  сондай-ақ Аналар кеңесіне де үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын айтып өтті.

     Кеңес жұмысын жүргізуге Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы тарапынан қолдау және  көмектер көрсетілетіні де айтылды.

     Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы  Н.Губашев Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерін кеңестің жалпы Ережесімен таныстырып, функционалдық міндеттері  жөнінде толық мағлұмат берді. 

     Тағылымды кездесу іс-шарасында Жылыой аудандық  Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ақназаров, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Қадіров, аудандық  Аналар кеңесінің төрайымы  М.Исайнова  егемен еліміздің келешегі – жастарға бүгінгі таңда жүктеліп отырған міндеттің ауқымдылығын айтып, еліміздің табысына өз үлесін қосу туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.