You are here

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне - қайырымдылық акциясы

02.12.2016, 13:04   385

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»  коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің Достық үйінде «Татулық» облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорынның "Ынтымақ" корпоративтік волонтерлік бағдарламасының  өкілдерімен  бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға және аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюының, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарының және халықтың жалпыұлттық игілігі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмнің принциптерін бекіту мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында 30 отбасына азық-түлік қоржыны тапсырылды.

«Республикамыздың Тәуелсіздігінің 25 жылдығында аталып өтіп жатқан  қайырымдылықты, ынтымақтастықты ҚР Тұңғыш Президент  күні мерекесі қарсаңында қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып,  мүмкіндігі шектеулі жандарға мейірімділік танытып, қуантуды жөн көрдік», - деді облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Гүлсина Байкенова.

Қайырымдылық  акциясына  қатысушыларға концерттік бағдарлама дайындалып, соңынан  дастархан жайылды.

Іс-шара соңында көмек алған отбасылардың баршасы аталмыш акцияның ұйымдастырушыларына өздерінің ризашылығын білдірді.

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15