You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының жұмыстарын жандандыру

07.09.2017, 12:12   303

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 4-5 қыркүйек күндері Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының  негізгі жұмыстарын жандандыру мен түсіндіру және өзара қызметінің іс-қимыл дәрістемесі мақсатында  облысымыздың Атырау мұнай және газ университетінің конференц - залында өңірлік  семинар өтті. Атырау облысындағы үш жоғары оқу орнында Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедралары  2015 жылдан бері жұмыс жасайды.

Атап айтсақ,  Х.Досмұхамедов  атындағы мемлекеттік университеті,  Атырау мұнай және  газ университеті, Атырау инженерлік–гуманитарлық институтында кафедра жұмысын ілгерлету үшін  Солтүстік Қазақстан облысының М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, доцент  Людмила Гривенная  семинарға арнайы шақыртылды.

Семинарға жоғарғы оқу орындарының басшылары мен ұстаздары, этномәдени бірлестіктердің басшыларымен мүшелері,  қоғамдық келісім  кеңесінің төрағалары , «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кафедра қызметкерлерінің алға қойған мақсаттары көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының  Ассоциациясына кіру. Сонымен қатар, мұғалімдердің әлеуметтік жобаға қатысу мүмкіндігін саралау, азаматтық институттарын дамыту салалары сөз болды.

Қазақстан Республикасының көшбасшысы Н.Назарбаевтың  жолдауындағы «Туған жер»; «Мәңгілік ел»; «100 нақты қадам»; «Рухани жаңғыру»  сынды  тақырыптарға тоқталып, ой-пікірлер алмасты.

Елбасының жолдауындағы осындай  айбарлы тақырыптар айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.

ҚХА жанындағы  кафедралардың жұмысын жақсарту.

Атырау инженерлік –гуманитарлық институтының ҚХА кафедра меңгерушісі Хасанова Жамиляш  өз сөзінде:  «Сөзсіз, біз әріптестерімізбен байланысты жалғастырып, тәжірибемен  алмасып, әдістемелік құралдармен бөлісіп жүреміз. Келесі жылға бекітілген жоспар бойынша Ассамблея кафедрасында сабақ өтіп, дәрістер оқылатын болады.

«Этносаралық қарым-қатынас негізі» атты арнайы курс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда кафедра негізінде дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, этномәдени орталықтарымен кездесу өткізу жоспарлап отырмыз,»- деді.

Аталған семинардың аяқталу барысында қатысушылардың  бәріне  сертификаттар табысталып, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі ҚХА жанындағы кафедралар мен тығыз ынтымақтастықта қызмет атқару жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатындығын айқындады.

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15