You are here

Қайырымдылық керуені

18.09.2017, 17:38   288

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 14 қыркүйек күні «Үлкен ел», «Үлкен отбасы»  қайырымдылық телеакциясын аясында «Қазақстан Республикасының күрділерінің Барбанг»  Қауымдастығы  Атырау облысы филиалының төрағасы Али Сеидов Авангард мөлтек ауданының демалыс саябағында  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  жаттығу (тренажер)  орнынын орнатып,  салтанатты түрде ашты.      

Аталған жиынға  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Г.М. Шәкірова, «Қазақстан Республикасының күрділерінің Барбанг»  Қауымдастығының, «Татулык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері,  «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері  және БАҚ  қатысты.

Қайырымдылық арқасында жылу беру,  сыйлық ұсыну, демеуші болу ілтипаттылықтың, инабаттылықтың, сыпайылықтың белгісі. Сондай-ақ, мүмкіндігі  шектеулі жандарға  арналған  жаттығу орнын  аша отырып, А.К.Сеидовтың өз тарапынан  жиынға қатысқан мүмкіндігі шектеулі 8 адамға елу мың (50 000) теңге құрамында сыйлықтар  табыстады.

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек.

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады дегендей қайырымдылық жасайтын азаматтарымыз  ортамызды көбейе түссе нұр үстіне нұр қонары сөзсіз.

 

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 18 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15