Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қайырымдылық акциясы аясында «Ахыска» Қазақстан түріктері қоғамы Атырау облыстық филиалы 2017 жылдың 12 қараша күні Атырау қаласындағы  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Үш жылдан бері «Ахыска» түріктер қоғамының филиалы жоғарыда аталған мекеме тәрбиеленушілерге осындай акцияларын өткізуді дәстүрге айналдырған.

Атырау қаласының Авангард мөлтек ауданында орналасқан «Берекет» мейрамханасында ұлттық киім киген «Ахыска» қоғамының мүшелері 20 балаға қайырымдылық түскі ас беріп, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.   

Атырау қаласының «Ахыска» түріктер қоғамы филиалының төрағасы Абубәкір Мұрадов: «Бұл акция  игі дәстүрге айналып бара жатыр. Осы орталықтың тәрбиеленушілеріне қайырымдылық іс-шараны екі жыл бойы өткізіп келеміз. Мекемеде тәрбиеленіп жатқан 20 баланың жағдайымен танысып, ой-пікірлерін тыңдадық. Барлық өнерімізді салып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Үлкен ел – үлкен отбасымыздың татулығы, амандығы және бірлігі үшін осындай игі іс-шаралар дәстүрге айналып, әрі қарай жалғасын табады деген ниеттеміз, - деп өз әсерімен бөлісті.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының  директоры  Ғалия Бижанова акция ұйымдастырушаларға да  өз алғысын білдіріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 16 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.