You are here

«Иверия» этномәдени бірлестігінің есеп беру концерті

27.12.2016, 17:01   103

Версия для печатиPDF versionEPUB version

25 желтоқсан күні Атырау облысының Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде  «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған есеп-беру концерті өтті.

Зал ұлттық әндер, билер, өлеңдер және музыкалық аспаптардың дыбыстарына толды. Жастардың өнері ешкімді бей-жай қалдырмады. Олар қазақ, орыс және грузин тілінде әсерлі шығармалар орындады. Өз өнерлерін көрсету арқылы балалар келген қонақтарды грузин халқының салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды.

Іс-шараға келген облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Шакірова Г. және  «Қоғамдық келісім»  КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө. қатысушыларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе «Иверия» ансамбіліне алғыстарын білдіріп, мерекелік  торт сыйлады .

Ал «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Бобохидзе З.Г. барлық қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

***

 «Иверия» грузин этномәдени бірлестігі 2003 жылы құрылды Олар он үш жыл бойы Атырау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шараларға белсене қатысты.

2012 жылы «Иверия» атты балалар би ансамблі мен хор құрылды. Олар облыста өтетін барлық мәдени іс-шаралар мен республикадағы халықаралық фестивальдарға белсене қатысып, лауреат атанып, талай марапаттарды иеленген.

Ансамбль 2016 жылғы 9 желтоқсанда Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен Келісімнің 25 жылы» атты этномәдени фестиваліне де қатысты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15