You are here

Индер ауданында «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

20.11.2017, 11:00   274

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 14  қараша  күні Индер ауданының мәдениет үйінде  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын Шаңырақ» Аналар кеңесінің «Әрбір Ана бақытты болуға лайықты» тақырыбында  кеңейтілген мәжілісі өтті.

Кеңейтілген мәжілісте «Ата мұраң –асыл қазынаң»  тақырыбында  көрме  ұйымдастырылып, ауданның қол шеберлерінің жасаған бұйымдары тамашаланды.

Модератор: Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.

Аталған жиынға Облыстық, аудандық, ауылдық округтердегі Аналар кеңесінің  мүшелері,  облыстық этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, облыс әкімі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссия  мүшелері, Атырау  облыстық адвокаттар алқасының  төрайымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның құттықтау сөзін ашып берген аудан әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсенбайұлы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласында айқындалған міндеттемелерді түсіндірді.

Жиын барысында:  «Ана бақытты болуға лайықты» тақырыбында  Омарова Айсұлу Қайырқызы – Атырау  облыстық адвокаттар алқасының  төрайымының және «Ана саулығы- ұрпақ денсаулығы» тақырыбында  Камелова Дина  Базарбаевна - Атырау облыстық  Денсаулық  сақтау саласының ардагерінің баяндамалары  тыңдалды.

Жиынның соңында ауданның  жеке кәсіпкерлері  аз қамтылған отбасылары мен мумкіндігі шектеулі  алты отбасының әрқайыссына 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде қайырымдылық сыйлық ақысын табыстады.

Мәжіліске арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырған  кәсіпкерлерге Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы басшысының және аудан әкімінің атынан Алғыс хаттарымен марапатталды.

Мәжілістің   салтанатты  бөлімі   Индер  халық театрының  «Бақыт деген не?» тақырыбындағы  көрінісімен аяқталады.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 20 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15