You are here

Фестиваль «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!»

11.10.2017, 19:05   122

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау қаласында  Атырау облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» атты VI  Халықаралық  фестивалі  өтті.  

Фестиваль аясында облыс әкімдігінің мәжіліс залында  облыс акімінің  орынбасары Ә.Нәутиевтің қатысуымен «Шекаралас аймақтағы этномәдени ынтымақтастық. Мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты - көрші ел­дердегі халықтар, конфессиялар ара­сындағы түсіністік пен достықты да­мыту, мемлекетаралық тұрақтылық пен толеранттылықты сақтау.

Дөңгелек үстелде айтылған өзекті мәселелер: Каспий аймағының халықтарының болашақта этномәдени байланыстарының   өзара әрекеттесуі;  Көпұлтты  конфессиялық аймақтағы тұрақтылық негізі ретінде азаматтық біртектілікті және толеранттылықты қалыптастыру; Мемлекеттердің диаспоралық саясатын іске асырудың ерекшеліктері; Этномәдени бірлестіктердің дін және этникалық қызметтерін іске асыру;  Каспий аймағы  елдеріндегі жастар саясаты: рухани әлем, құндылық бағдарлары, патриотизм, шығармашылық бастамалары тақырыптарында  ой-пікірлер талқыланып, баяндамалар жүргізілді. 

Дөңгелек үстелге көршілес мемлекеттерден Әзербайжан, Грузия республикаларынан және Ресей Федерациясының меймандарымен қоса Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, сондай-ақ, Атырау облысы ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағаларымен мүшелері, ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты.

Түстен кейін  М. Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театрында «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» атты VI халықаралық фестивалға үлкен шығармашылық топтар - Әзербайжан, Грузия республикасы, және Ресей Федерациясы, және Қазақстан Республикасының қалаларынан -  Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен әр ұлт өкілдері  өз  тілдерінде ән шырқап, би-билеп,  хор айтып, сахна төрінде жанды дауыста  өз өнерлерін паш етті.  

Фестивалдың соңында Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы  Ноғаев барша келген делегацияны шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп,  шекарамыз татулық пен бірлікке ұласа берсін жүрек жарды лебізін білдіріп, сахна төрінде барлық қатысушыларды дипломмен марапаттады.

Фестивалдің қонақтарына достық кеші ұйымдастырылып,  мейрамханада  құрмет дастарханы  жайылды.

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15