Білім беру саласындағы медиация

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылдың 17 қаңтары күні Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының  директоры А.Куртаеваның қатысуымен «Білім беру саласындағы медиация» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Г.Шәкірова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина, облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев, облыс прокурорының аға көмекшісі Ә.Абдрахманова, учаскелік полиция инспекторлары, мектеп директорлары  мен психологтары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты: мектеп медиациясының негізгі қағидалары мен бағыттарын, әлемдегі мектеп медиаторларының жұмыс тәжірибесін, Қазақстанда мектеп медиациясын дамыту жоспарын толық және жан-жақты сипаттау.

Семинардың міндетітері: қатысушыларды мектептердегі татуластыру қызметінің жұмысына және мектеп медиаторларына қойылатын негізгі талаптармен таныстыру; ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі өкілдері, мемлекеттік органдар өзара әрекеттесу туралы түсінік беру, жұмысты дұрыс ұйымдастыруды үйрету.

Іс-шараны «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина  ашты. Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының Атырау облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Н.Төлегенова семинарды жүргізіп отырды.  

Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығының директоры А.Куртаева  «Білім беру саласындағы медиация. Мектеп-медиациясы» тақырыбында баяндама жасап, пікір алмасу барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Қатысушыларға медиация технологиясы туралы ақпарат беріліп, талас-тартысты реттеудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ, мектептегі талас-тартыс пен дау-жанжалдарды реттеуде медиацияны қолдану жолдары айтылды.

Семинар барысында мектеп директорларының  қатысуымен  ситуациалық мысалдар,  оқу әдістемелік құралдар, бейнефильм пайдаланылды.

Соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, еліміздегі медиация заңының қолданылуын құптады.  Олар «Медиация туралы» заңның нормаларымен танысып, оны күнделікті өмірде туындайтын дау-жанжалдарды реттеуде пайдалану жолдары туралы ақпарат алды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.