БАЛАЛАР ҮЙІРМЕСІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 1 маусымда Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім және Достық үйі» КММ этномәдени бірлестіктер жанындағы балалар үйірмесінің шығармашылығына арналған  көрме өтті.Аталмыш іс-шараға  «Дархан-1» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айғанша Тілеужанова, жеке кәсіпкерлер палатасы мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Жиналған қауым бүлдіршіндердің қолынан шыққан әсем дүниелерді тамашалап, балалар үйірмесінің ұжымына жылы тілектерін арнады. Жастарына қарамастан, өнердің қыры мен сырын үйреніп отырған жас бүлдіршіндердің әр туындысында туған елге деген махаббат пен құрмет сезіледі. Бойында таланты бар  балалардың өнерімен танысқан Айғанша Алдоңғарқызы кішкентай шеберлерлерге ыстық ылтипатымен өз қолымен тоқыған бұйымдарды тарту етті, сонымен қатар шараға қатысушылардың бірі, жеке кәсіпкер Әлима Хабитова да балаларға арнайы сый-сияпатын табыстады. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.