Айтулы қос мереке

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 1 желтоқсан күні Атырау қаласындағы  Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі  №2016 әскери бөлімі үшін маңызды. Тұңғыш Президент күнімен тұспа-тұс келетін маңызды оқиға - бұдан  19  жыл бұрын 1998 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын  күзету мақсатында Атырау шекара жасағының құрылған күні.

Осы күннен бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен әкімшілік-аумақтық шекарасын қорғау  міндеттеліп, бақылау бекеттерінде шекарадан өткізу шараларын  қамтамасыз ету жүктелді.                     

№2016 әскери бөлімі күзететін шекараның ұзындығы 1145  шақырымды құрайды, оның 713 шақырымы  Каспий теңізі арқылы   өтсе, 360 шақырымы құрлық, 72 шақырымы Қиғаш  өзені арқылы  өтеді. Осы  жылдар ішінде  Атырау шекара  жасағы көптеген  іс атқарып, көптеген  жетістіктерге  қол жеткізді.

2017 жылғы 30 қараша күні Атырау қаласының Достық үйінде, этномәдени бірлестіктер мүшелерімен бірге қос  мерекеге  арналған  салтанатты шара болып өтті. Іс-шара Тұңғыш Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев туралы  «Дәуір адамы» атты  және әскери  бөлімнің  құрылу  тарихы  туралы  бейнефильмдер көрсетілуден  басталды.  Бөлім командирі әріптестерін айтулы қос мерекемен  құттықтап, қызметтік–жауынгерлік  іс-әрекетте жағымды  нәтижелерге  қол жеткізген шекарашыларды марапаттады. Сонымен қатар  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ–нің  басшысы  Т.Аман-Турлина  құттықтау сөз  сөйлеп, Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі   2016  әскери бөлімінің мұражайына  «Атырау этностары»  атты  кітабын сыйға тартты. Іс-шара соңы  этномәдени бірлестік мүшелері мен  оқу орталығы  сарбаздары  әзірлеген  концерттік  бағдарламаға ұласты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.