You are here

Атырауда «Украин мәдениет күні» өткізілді

12.12.2016, 16:21   552

Версия для печатиPDF versionEPUB version

11 желтоқсан күні Достық үйінде Атырау қаласының «Довира»   украин этномәдени бірлестігі  «Украин мәдениеті күнін» атап өтті.

Мерекелік іс шараға  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Шәкірова Гүлмира, облыстық этномәдени бірлестіктерінің  басшылары мен мүшелері,  мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары  қатысты.      

Украин этномәдени бірлестігінің төрайымы Павленко Ольга өз сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен халықтар арасындағы достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы украиндықтардың қосқан үлесіне тоқталды. Осының барлығы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясын құрған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы, дана, көреген саясатының арқасы екенін атап көрсетті. Сөзін әрі қарай құттықтаумен жалғастырып, «Довира» украина этномәдени бірлестігінің бір топ мүшелеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтарын табыс етті.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө. құттықтау сөзінде: «Бүгінгі атаулы шара Қазақстандағы халықтардың өз мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға зор мүмкіндіктері бар екенін білдіреді. Осы мүмкіндіктер қазақстандық біртектілік пен бірліктің нағыз дәлелі», - деді.

Ән кешінің шымылдығын «Хуторянка» ансамбілінің әншісі, халықаралық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпазы Санынин Павел  Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» лирикалық әнімен ашып, әрі қарай украин халық әндерімен жалғастырды. Көрермендер сахна төрінде «Хуторянка» ансамбілдің қойған  ұлттық әні мен биін үлкен ықыласпен қабыл алды. Петровлдан келген Алена мен Дарьяның дуэті қобызбен қазақ халқының күйлерінен орындады.

Украин этномәдени бірлестігі облыста өткізілетін этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға, халықтар достығын дамытуға бағытталған барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Демалыс мектептерін ашып, Атырау мектеп оқушылары арасында үнемі байқаулар ұйымдастырады. Ардагерлер мен аз қамтылған азаматтарға көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларынан тыс қалған емес.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15