You are here

Атырауда конференция өтті

27.12.2016, 12:00   637

Версия для печатиPDF versionEPUB version

23 желтоқсан күні  Салтанат сарайында Атырау облыстық соты, облыс әкімі аппараты және «Қоғамдық келісім» КММ-сі «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл – құқықтық реформа саласындағы жаңа белестер» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов, облыстық маслихат депутаттары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалымдары, судьялар, «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, медиаторлар мен мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың, компаниялардың басшылары  қатысты.

М.Бектұрғанов іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, облыстық сот төрағасы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Мәмидің құттықтау хатын оқып, сот жүйесін толықтай модернизациялаған Ұлт жоспарының судьялар корпусы жүзеге асырған тапсырмаларына қысқаша тоқталды.

Облыс басшысы Н.Ноғаев сотты қоса алғанда, мемлекеттік органдар сәтті жүзеге асырып жатқан Қазақстандағы құқықтық реформалар туралы айтып өтті.

Жұмыс барысында азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық маслихат хатшысының міндетін атқарушы А.Абдолов, отставкадағы судья Н.Чиняев, экономикалық соттың судьясы И.Садбан, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Ө.Аман-Турлина, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы Ж.Шаяхметова еліміздің заң шығару жүйесі мен биліктің барлық тармақтарын нығайтудағы соттардың рөлін атап өтіп, сот жүйесінің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне, әсіресе медиация институтының дамуына ерекше тоқталып өтті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15