Атырау облысындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері ҚР Президентінің үндеуін талқылады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-де Қазақстан  Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кенесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында модератор, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Т.Аман-Турлина  Елбасының қабылдаған үндеү туралы  баяндама жасады.

«25 қантар күні Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Ата заңымыз Конституция мен көптеген заңдарға өзгерістер еңгізу туралы өз пікірін хабарлады. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, үлкен реформалар іске аспақ. Елбасы әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі  біршама өкілеттіктерін Үкімітке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн екендігін айтты. Елбасының басшылығымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық жетістіктері, Бес институционалдық реформаны іске асыру, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жұмыстарының жүргізілуі, «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісінің қабылдануы - Президенттің өз құзыретінің бір бөлігін Парламентке, Үкіметке және атқарушы билік жүйесіне беру туралы тарихи шешіміне мемлекет пен қазақстандық қоғамның толығымен дайын екендігінің сөзсіз дәлелі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдаған шешімі - әлемдік саяси процестің жаңа үрдістеріне жауап болып табылады»,- деді ол өз сөзінде.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының  қалыптасу кезеңдері мен елдің тұңғыш Президентінің рөлі туралы баяндама жасай келе, Тамара Өтегенқызы қатысушылардың алдына талқылауға қойылған мәселеге үлкен азаматтық жауапкершілікпен жақындауға  шақырды.

«Біз Президенттің Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және өркендеуі үшін жүзеге асырылатын жаңа бастамасының табысты жүзеге асатынына кәміл сенеміз!», - деді сөз алған Атырау облыстық КХА қоғамдық келісім Кенесінің төрағасы Д.Құлжанов.

Басқосуда сөз алған  облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев; ұйғұр этномәдени бірлестігінің төрағасы Әли Әлиев;  грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе; славян, орыс, казак Қауымдастығы филиалының төрағасы Владимир Заверткин  халықтың талқылауына  салынған Конституциялық реформаны Президенттің баршаға белгілі саяси қолтаңбасының жарқын көрінісі деп бағалады.

«Біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Билік тармақтарының өкілеттіктерінің ауысуы мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді. Облысымыздағы  этномәдени бірлестіктер Президентіміздің үндеуін белсенді түрде халық арасында кең ауқымда насихаттауға атсалысады», - деді  өз сөзінде облыстық кәріс этномәдени бірлестігінің төрайымы Валентина Ли.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.