You are here

Атырау облысы ҚХА Журналистер клубының отырысы

21.06.2017, 12:09   161

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 16 маусымы күні Достық үйінде Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласындағы жобаларды іске асыру мақсатында Қоғамдық келісім кеңесінің және  облыстық ҚХА жанынан  құрылған  Журналистер клубы мүшелерінің  отырысы өтті.

Отырысқа этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, аудандық сарапшылар,  «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г. Шәкірова өз сөзінде  биыл Елбасының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХV сессиясында және  Атырау облысы ҚХА ХХІ сессиясында берілген  тапсырмалардың бірқатарын талқылап,  осы жұмыстарды  қалай ұйымдастыру  жөнінде пікірлесу үшін  жиналып отырғандығын  айтты.

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған жұмыстар  туралы  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми - сараптамалық  бөлімінің аға сарапшысы   С.Әбілова  баяндама жасады.   

Сөз сөйлеген Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушысы З.Таласбекова Елбасының мақаласында ұсынылған  «Туған жер» бағдарламасына тоқталды.

«Бұл рухани  жаңғыру идеяологиялық жаңғыру» деп Елбасымыз айтып өткендегідей  бұл жаңғыруды әдеттегідей дөңгелек үстел, семинар-тренинг, үлкен концерттік бағдарламалар емес, бұл жерде іске асырылатын нақты  жобалар болу керек. Бұл бағдарлама негізінде Қазақстанның әрбір азаматтарына  бастама  жасауға болады. Мысалға: бала-бақша салу, дәрігерлік бөлімдеріне жетіспейтін аппараттармен жабдықтау, балалар ойнайтын алаңдар салу, т.б.

Бұл бағдарламаның ішінде кіші «Жомарт жүрек» атты бағдарлама бар, соған ауылдық жерлерде тұрып жатқан аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде қол ұшын беру, яғни мектеп жасында баласы бар жанұяға киім- кешектермен, оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етемін  деген демеушілерге Атырау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясына немесе әкімдіктерге ұсыныстар беруге болады.

«Туған жер» бағдарламасы әр өңірде іске асырылатын болса еліміздің  әлеуметтік экономикалық  тұрғыда көптеген септігін тигізетіні айдан анық деп», - өз ойын білдірді.

Отырыс соңында Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Д.Құлжанов  облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарына  тоқталды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15