Атырау облыстық ҚХА-ның ХХІ сессиясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 7 маусымы күні  Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысы әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы  Н.А.Ноғаевтың қатысуымен  Қазақстан халқы Ассамблясының   ХХІ сессиясы өтті.

Сессияға Атырау облысының ҚХА мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі және Аналар кеңесінің төрағалары мен төрайымдары, Ғылыми-сарапшылық тобы, Ассамблея кафедраларының меңгерушілері, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан басшылары, жастар, республикалық және жергілікті  БАҚ өкілдері қатысты. 

Елбасының «Туған жер» бағдарламасының негізінде іргелі жұмыстар жасалынып, баршаларымыздың рухани жаңғыруымыздың  негізі болу мақсатында облыстық қолөнершілер мен шеберлердің көрсетілген  шығармашылық көрмесі жайылды. Қала басшысы  қолөнершілердің жұмыстарын тамашалап, оң  баға берді.

Сессия жұмысын облыс әкімі, Атырау облысының ҚХА төрағасы  Нұрлан Ноғаев  ашты. Ол Елбасының  бағдарламалық мақаласын іске асырудағы бұл институттың рөлінің ерекше екенін айта отырып, атыраулықтарды алда тұрған міндетті орындауда ықыласпен еңбек етуге шақырды. «Ұлтын сүйіп, ұлт тағдырын өз тағдырымен байланыстыратын әрбір азамат бұл міндеттерді қуана қабылдап, оның атқарылуына  жұмыла кіріседі  деген сенімдеміз, жауапкершілігі жоғары, сұраныс та салмақты болмақ», - деді облыс әкімі. Әлеуметтік жобалардың тізімі жасақталып, түрлі акциялар мен мұқтаж жандарға әлеуметтік көмектің  берілетінін, осы сияқты басқа да  бастамалардың жүзеге асырылатынын сөзімен тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиын барысында «АтырауАгроӨнімдері» шаруа қожалығының директоры, облыстық ҚХА мүшесі - Владимир Розметов; Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ҚХА институтының жауапты хатшысы, «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің мүшесі - Вера Шин; Орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығының Атырау облыстық филиалының төрағасы Владимир Заверткин; облыстық Дін істері басқармасының басшысы - Хайролла Көшқалиев; облыстық ҚХА жастар қанатының және «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің  мүшесі Грета Арутюнян баяндама жасап, өз пікірлерін ортаға салды.

Сессия соңында ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, Қазақстанның әлеуметтік  экономикалық және қоғамдық  дамуына қосқан зор үлестері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының  Алғыс хатымен  және  Атырау облысы әкімінің  Алғыс хатымен марапатталды.

Сессияда тұрақтылықты  сақтау, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Қазақстан  халқының бірлігін қамтамасыз етуде атыраулықтар  өздерінің қомақты үлесін қосуға  дайын және алға қойылған міндеттерге жетуге мүдделі екендіктерін білдірді. Сессия  концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

облыс әкімі аппарытының

«Қоғамдық келісім» КММ-нің

баспасөз хатшысы

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.