You are here

«Ата заң – арайлы болашақ кепілі»

31.08.2017, 18:02   357

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 28 тамыз күні Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, Ғылыми-сараптамалық бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау инженерлік гуманитарлық институтының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституция  күніне  орай    «Ата заң – арайлы болашақ кепілі»  тақырыбында  ғылыми –сараптамалық конференция өткізілді.

Конференцияға Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары мен мүшелері, ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы мен  мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Аман-Турлина  барша қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, «Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.   Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, амандық-саулық, молшылық, ашық аспан мен Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуін  тілеймін деп», - құттықтау сөзімен конференцияны  ашып берді.

Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету мақсатында-  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық және шет  тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кондидаты, доцент, ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі  Қайырғалиева Гулфайруз Қайырғалиқызы  - «Айбары асқақ Ата заң!»  тақырыбында;    Облыстық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы, Атырау мұнай және газ университеті ректорының кеңесшісі Құлжанов Дүйсенбек Орынғалиұлы -   «Ата заң аясында – азат ел!»  тақырыбында; Атырау қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Қосыбаев Кеңес Темірұлы - «Тәуелсіздіктің тірегі – Ата заң!» тақырыбында;  Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Қадыров Серік Нұрбайұлы – «Ата заң – кемел, болашақ кепілі!» тақырыптарында өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, қатысушыларға кең көлемде ақпарат берді.

Сондай-ақ, әрбір азамат өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстанның даңқы бүгінде әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін қарышты қадамдар жасалуда.

Бұл Елбасымыз Н.Назарбаевтың табанды түрде жүргізіп отырған салиқалы саясатының жемісі және жеңісі. Еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің уыздай ұйыған ынтымағы мен бірлігінің нәтижесі осы  табан тірегендіктің арқасы деп есептеймін.

Осы  айтулы мереке құтты болсын  Атыраулықтар!

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15