«Ариран» атты облыстық кәріс әндерінің байқауы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінде (Достық үйі) Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында ағымдағы жылдың 25 шілде күні сағат 10.00-де «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Республикалық кәрістер қауымдастығының 25-жылдығына орай «Ариран» атты облыстық кәріс әндерінің байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты дарынды жастарды табу, жастарды кәріс тілін үйренуге және талантты жастарды өнерге бейімдеуге  арналып отыр.

Байқаудын мақсаты жас талант иелерінің өнерін ұштау болып табылады. Жастар арасында өткізілген байқаудың қортытындысында қазылар алқасының шешімімен Атырау облысындағы Дина Нүрпейісова атындағы музыкалық колледждің 2 курс студенті Байбақты Ідірбай жеңімпаз деп танылды. Жас талантқа жүлде табысталып, басқа да сый-сияпат жасалды. Енді жас әнші Алматыда өтетін сайыста өнер көрсететін болады. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.