You are here

Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісі

27.06.2017, 15:45   159

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылы 26 маусым  күні Атырау облысы Мақат ауданының Мәдениет үйінде «Жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүр арқылы тәрбиелеудің рөлі» тақырыбында өткізілген Аналар кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттер талқыланды.

Мәжіліске облыстық Аналар кеңесінің  мүшелері, аудандық  Аналар кеңестерінің  төрайымдары мен этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері, облыс әкімі  жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия  мүшелері мен БАҚ  қатысты.

Отырыс басында Мақат ауданының мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалардың қолдан жасалған бұйымдарының шағын көрмесіне саяхат жүргізілді.

«Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Т.Аман-Турлина іс-шараны ашып, барша жиналған қонақтарды Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы  лебізін білдірді. Мақат ауданының әкімі Б.Сәрсенғалиев мәжіліске қатысушыларды құттықтап,  жиынды ашып берді.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласында айқындалған міндеттерді түсіндіру және насихаттау мақсатында   Мақат ауданының әкімінің орынбасары Ж.Гумаров  баяндама жасады.

«Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында  Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының директоры, Аналар кеңесінің мүшесі Д.Таскарина; «Халық педагогикасы – асыл қазына» тақырыбында педагогика саласының еңбек ардагері, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Д.Алтаева баяндама жасады. № 2 орта мектебінің директоры, Мақат ауданының Аналар кеңесінің төрайымы   С.  Телеубаева Мақат ауданының «Аналар кеңесінің жұмысы туралы» ақпаратты қатысушыларға жеткізді.

Жұмыс барысында Аналар кеңесі  ұсыныстар  әзірлеп, қайырымдылық акциясын  өткізіп, мәжіліс соңында  "Құрсақ тойы" атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15