You are here

Достық үйі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2013 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  төрағалығымен өткен (№35-26.1 хаттамасы) Қазақстан халқы Ассамблеясының XX-шы сессиясында берген тапсырмалары  мен түйінді ойларын жүзеге асыру және ел арасындағы келісімді, қоғамдық төзімділік пен өзара сыйластықты сақтау, оң құндылықтар кешенін қалыптастыру, жұртшылықпен байланысты жан-жақты нығайту үшін, Атырау қаласында Достық үйін ұйымдастыру мақсатында ғимарат белгіленіп, қайта  жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжат дайындалды.

Атырау облыстық Достық үйі – мемлекеттік мекеме нысанында әрекет етеді және Атырау қаласында жұмыс істейді. Достық үйі ғимаратында 17 этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік және ана тілдерін үйрену бойынша кабинет,  әдістемелік, ғылыми –сарапшылық бөлімдер жұмыс істейді.

Достық үйінің ғимараты салтанатты қабылдаулар, кездесулер үшін арнайы салынған, мәдениет орны болып табылады.

2014 жылы Достық үйі  іске қосылады. 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15